Иран мәжілісінің депутаттары шейх Иса Ғасемды азаматтықтан айыруды айыптады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары Бахрейннің діни ғалымы шейх Иса Ғасемның азаматтығының күшін жоюды айыптады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің бүгін, сейсенбі күнгі ашық отырысында халық қалаулылары Бахрейн шиіттерінің жетекшісін қолдап, мәлімдеме жариялап: «Халифе әулеті режимі соңғы бірнеше күнде аятолла шейх Иса Ғасемның азаматтығының күшін жою арқылы БҰҰ- ның 1966 жылғы құқықтық, саяси және азаматтық екі сертін бұзды» деп мәлімдеді.
БҰҰ- ның уағдаластығы бойынша, ешбір мемлекет өз азаматтарының, тіпті егер олар қылмыс жасаған болса да азаматтығының күшін жоя алмайды.
2011 жылы Бахрейнде 14- ші ақпан революциясы басталған соң шейх Иса Ғасем осы революцияның іс жүзіндегі жетекшісі болды. Оның баяндамалары мен жұма намаздағы құтпалары осы елдің революциясында шешуші рөл атқарды.
Халифе әулеті режимі дүйсенбі күні Бахрейн шиіттерінің жетекшісі Иса Ахмад Ғасемның азаматтығының күшін жойды.