Лариджани Бахрейн үкіметіне ескерту жасады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Бахрейн билеушілеріне бахрейндік жоғары рухани қайраткер шейх Иса Ғасемды қорлаудың бейбіт шешім жолына қол жеткізу жолындағы барлық үміттерді жоятынын айтып, ескерту жасады.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің бүгін, сейсенбі күнгі ашық отырысының басында Бахрейннің діни ұлы үлемінің азаматтығының күшін жоюдың Халифе әулеті режимінің соңғы тынысын алып жатқанының белгісі болып табылатындығын қуаттай келе: «Халифе әулеті режимінің кешегі қадамы адамгершілікке қарсы шаралардың жаңа алқасы болып табылады.
Шейх Әли Салманның азаматтығының күшін жоюды өзінің билігін Батыс әскери базасының үстемдігі, сондай- ақ бір араб елі танктерінің араласуымен қор қылып, бейбіт жолмен демократиялық наразылықтарын көрсетпек болған бостандықсүйгіш күштерді түрмеге қамаған Халифе әулеті режимінің ойланбай жасаған әрекеттерінің бірі деп сараптау керек" деді.