Иран спортшылары сионистік жаумен сайысқа шықпай, орынды әрекет жасады
Маусым 22, 2016 22:09 Asia/Almaty
Палестина «Исламдық жиһад» қозғалысының Ирандағы өкілі ирандық спортшылардың сионистік жаумен сайысқа шықпаудағы орынды әрекетіне алғыс айтты.
Палестина «Исламдық жиһад» қозғалысының Ирандағы өкілі Насер Әбушариф Теһранда ержүрек спортшыларды марапаттаған 16- шы форумда: "Израильмен қарсыласып жатқандардың жеңіске жететіндігі сөзсіз. Бұл адамдар құрметтеуге лайық. Сионистік режим саяси, ахлақтық және адамгершілік жағынан Палестинада үлкен апат тудырып, осы елдің халқының көбінің босқындап кетуіне себеп болып отыр" деді.
Тегтер