Құдс күнінің жақындауымен Израильдің басып- жаншу шараларына қатысты реакциялар артуда
(last modified Thu, 23 Jun 2016 09:00:46 GMT )
Маусым 23, 2016 15:00 Asia/Almaty
  • Құдс күнінің жақындауымен Израильдің басып- жаншу шараларына қатысты реакциялар артуда

Мәліметтер Құдс жаңа интифазасын басып-жаншу барысындағы Израильдің қылмыстарын тексеру бағытындағы талаптардың ұлғайып жатқанын аңғартады. Осы өзгерістер Құдс күнін өткізу уақытының таяп қалуымен қоғамдық пікірдің палестиналықтардың талаптарына қолдау көрсетумен қоса, ерекше сезімталдықпен Палестина өзгерістеріне назар аударуына себеп болып отыр.

Осындай жағдайда Палестинаны азат ету ұйымының (САФ) атқарушы комитетінің бас хатшысы Саэб Ариғат сәрсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық жасөспірімнің израильдік әскерилер тарапынан оққа ұшып, шәһид болуын айыптап, палестиналықтарды майдандық өлім жазасына кесу туралы БҰҰ- ның дереу тергеу жүргізуін талап етті.

Ариғат сондай- ақ БҰҰ- ның тілшісі Кристоф Хинзден осы қылмыс және израильдік күштердің Палестина халқына, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қарсы жасап жатқан барлық қырғындары туралы ресми тергеу жүргізуді талап етті.

Сионистік режимнің әскерилері өздерінің жаңа қылмыстық әрекетінде сейсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауында Рамалланың маңында палестиналық жасөспірімдерге қарай оқ атты. Соның салдарынан бір палестиналық шәһид болып, алты кісі жараланды.

Сионистік режимнің әскерилері 2015 жылдың қазан айының бас кезінде Құдс интифазасы басталғаннан бер шамамен 220 палестиналықты шәһид етіп, мыңдаған кісіні жаралап, құрықтаған.

Әлемдік Құдс күні (Рамазан айының соңғы жұмасы) биыл мынадай жағдайда өткізілгелі отыр: «Израиль біздің үйіміз» деп аталатын әсірешіл партияның төрағасы Авигдор Либерманның қосылуымен Нетаньяхудың әсірешіл кабинеті палестиналықтарға қарсы әлдеқайда үстемшіл саясат ұстанып, Израильдің басып- жаншулары мен қатыгездіктері бұрынғыдан әлдеқайда жойқынырақ әрі қанқұйлырақ болып отыр.

Сионистік режим палестиналықтарды басып- жаншу мен қыруды күшейтумен өзінің аймақтағы экспансистік саясаты бағытындағы кез- келген наразылық үнін өшіруді мақсат етіп отыр. Алайда Палестинаның мазлұм халқының қаһармандықпен қарсыласуы палестиналықтардың ерекше сезімталдығы мен осы режимнің палестиналық аймақтардан, әсіресе Құдстан дәмеленуі алдында төзімділіктің жалғасуы қажеттігін аңғартады.

Сөзсіз, осындай жағдайда әлемдік Құдс күнін өткізу биыл Палестина тақырыбына халықтың назарын аударып отыр.

Әлемнің түрлі аймақтарында әлемдік Құдс күнін салтанатты түрде өткізу туралы имам Хомейнидің бастамасы Палестина халқына қолдау көрсетуде әлемдік қауымдастықтың бойына жаңа рух- жігер дарытып, іс жүзінде халықаралық қауымдастықтың Палестинаға қатысты жылдар бойы қол қусырып қарап отыруын тоқтатады деген пікірдің дұрыстығын бұрынғыдан көбірек айқындады.

1979 жылдың тамыз айының бас кезінде мүбәрак Рамазан айының 13- ші күнімен орайлас Рамазан айының соңғы жұмасын әлемдік Құдс күні ретінде жариялау негізіндегі имам Хомейнидің бастамасы Палестина жерін, әсіресе Құдсты сионист басқыншылардың шеңгелінен босату үшін әлемнің түрлі аймақтарындағы жаппай халықтық қозғалысқа себеп болып отыр.

Хазірет имам Хомейнидің бастамасы әлемнің сионистік режимнің қылмыстық шаралары мен осы режим тарапынан адамзат қоғамына төніп тұрған қауіп- қатерге бұрынғыдан көбірек назар аударылуыға себеп болып отырғаны сөзсіз.

Әлемдік Құдс күнінің өткізілуі сондай- ақ палестиналықтардың жоғары рух- жігермен сионистік режимге қарсы өз күрестерін жалғастыруына себеп болып отыр.

1987 жылы Палестина халқы интифазасының, 2000 жылы әл- Ақса интифазасының, 2015 жылы Құдс жаңа интифазасының басталуы Палестина халқын қолдау үдерісіне әлемнің үн қосуы жарияланған соң палестиналықтардың рухы көтерілгенін аңғартады.

Имам Хомейнидің бастамасы іс жүзінде Палестина халқын қолдауда әлемдік интифазаның басталуына себеп болып, сионистік режимді халықаралық айдында бұрынғыдан көбірек оқшаулап отыр.