Ислам әлемі шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыруға наразылық танытады
(last modified Fri, 24 Jun 2016 09:32:44 GMT )
Маусым 24, 2016 15:32 Asia/Almaty
  • Ислам әлемі шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыруға наразылық танытады

Иран ислам республикасының Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы "Ислам әлемі Бахрейн режимінің шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыру әрекетінің алдында үнсіз қарап отырмайды" деді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти тілшілерге берген сұхбатында Бахрейн режимінің шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айыру әрекетіне көрсеткен реакциясында: "Бахрейн режимінің әрекеті халықаралық ережелер мен адами құқыққа және ислам негіздеріне қайшы. Бахрейннің ұлы ғалымы шейх Иса Ғасем Бахрейн халқы мен ғұламалары және ислам әлемінің діни білім ордалары арасында құрметке ие танымал кісі болып табылады. Егер Бахрейн режимі ол кісіні мазалауды жалғастырса, ислам әлемі мен Бахрейн халқының қарсыласуына тап болады" деді.