Халифе әулеті режимінің Бахрейндегі басып- жаншу шаралары жалғасуда
Халифе әулеті режимі Бахрейннің бірнеше ғұламасын шақыртты.
«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Халифе әулеті режимінің басып- жаншу шараларының жалғасында осы елдің қауіпсіздік күштері бейсенбі күні 5 шиіт ғұламасын тергеу үшін шақыртып алған.
Араларында Бахрейн шиіт ғұламалары кеңесінің төрағасы шейх Фазел әл- Заки де бар діни қайраткерлер елдің астанасы Манамадағы полиция базасына шақырылды.
Бұндайда Бахрейннің қылмыстық соты бейсенбі күні 24 адамды бас бостандығынан, 13 кісіні азаматтықтан айыруға үкім шығарды.
Осы мәлімет бойынша, 23 адам 15 жылға, бір кісі өмірінің соңына дейін түрмеге қамалатын болды.
Сондай-ақ Бахрейн сотындағы бір дереккөзі бейсенбі күні осы елдің Әділет және исламдық істер министрлігі «Лаңкестікті өрістетуге жағдай жасады» деген айыппен әл- Вифақ жамиғатын таратудың сот үдерісін жылдамдатуды талап еткенін мәлімдеді.