Бір палестиналық бойжеткен сионист әскерилері тарапынан оққа ұшып, қайтыс болды
(last modified Sat, 25 Jun 2016 07:25:59 GMT )
Маусым 25, 2016 13:25 Asia/Almaty
  • Бір палестиналық бойжеткен сионист әскерилері тарапынан оққа ұшып, қайтыс болды

Бір палестиналық бойжеткен жұма күні түстен кейін жаулап алынған Құдстың оңтүстігінде орналасқан әл- Халилдің шығысында бірнеше сионист әскериді өз көлігімен басып кеткен соң, сионистік армияның әскерилері тарапынан оққа ұшып, қайтыс болды.

«Меһр» ақпарат агенттігінің «Құдс» халықаралық агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жариялап, 19 жастағы палестиналық бойжеткен Маджад Хузур әл-Халилдің шығысында бірнеше сионист әскери мен қалашықтардың тұрғындарын көлікпен қағып кеткен соң, өзі де сионистер тарапынан оққа ұшып, қайтыс болғанын хабарлады.

Сионистік армияға қарасты сионистік «0404» торабы да осы хабарды растап, оқиға барысында 2 сионист әскеридің жараланғанын мәлімдеді.

Осы палестиналық бойжеткеннің қайтыс болуымен өткен қазан айының басында басталған Құдс интифазасы құрбандарының саны осы уақытқа дейін 221 адамға жетті. Олардың 75-і 2016 жылы қайтыс болған.