Насролла: Ливан мен аймақтың қауіпсіздігі бір- біріне тәуелді
(last modified Sat, 25 Jun 2016 08:15:54 GMT )
Маусым 25, 2016 14:15 Asia/Almaty
  • Насролла: Ливан мен аймақтың қауіпсіздігі бір- біріне тәуелді

Ливан Хезболла қозғалысының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Ливанды қорғау және осы елдің тағдырының аймақ өзгерістерінен, әсіресе Ирак пен Сириядан бөлек еместігін мәлімдеді.

«Almayadeen» телеарнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жұма күні Бейрутте Хезболланың аға қолбасшысы Мұстафа Бәдруддиннің шәһид болуының қырқы рәсімінде қарсыласу қозғалысының Сирияға қарсы соғысқұмарлық жобалардың жаңа легінің алдында тұрғанын баяндап, Хезболланың Сирияда болуын тек осы елдің жер тұтастығын қорғау мақсатын ғана көздейтіндігін айтты.

Насролла аймақтағы кейбір елдердің, атап айтқанда Сауд Арабиясы мен Түркияның Халебтің солтүстігіне мыңдаған лаңкес аттандыру жөніндегі шешімін сынап: «Америкалық-саудиялық тәкфирлік жобаның іске асуына жол бермеу керек, өйткені осы жоба бүкіл аймақ үшін қауіпті» деді.

Ол ДАИШ лаңкестік тобымен күресу шеңберінде осы құрылымның Иракқа бір топ күш пен қолбасшылық кадрын аттандырғанына сілтеме жасап: «Егер Иран, Хезболла және ирактықтар ДАИШ- ке қарсы тұрмағанда осы лаңкестік топ Бағдадты жаулап алатын еді» деп мәлімдеді.