Үш миллион адам Ұлыбританияда қайтадан референдум өткізуді қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i10051-Үш_миллион_адам_Ұлыбританияда_қайтадан_референдум_өткізуді_қолдады
Ұлыбританияның шамамен үш миллион азаматы осы елдің Еуропа Одағына мүшелігі туралы жаңа референдум өткізу қажеттілігі қуатталған петицияға қол қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 26, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Үш миллион адам Ұлыбританияда қайтадан референдум өткізуді қолдады

Ұлыбританияның шамамен үш миллион азаматы осы елдің Еуропа Одағына мүшелігі туралы жаңа референдум өткізу қажеттілігі қуатталған петицияға қол қойды.

Петицияда "Референдумға қатысу көрсеткіші 75 пайыздан төменірек болып, қатысушылардың 60 пайыздан кемі Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуына дауыс бергеніне байланысты бұл референдум Ұлыбритания халқының басым көпшілігінің нақты қалауы бола алмайды" деген дәлел келтірілді.