Ауғанстанның шығысында ДАИШ тобының 130- дан астам мүшесі өлтірілді
(last modified Sun, 26 Jun 2016 16:06:24 GMT )
Маусым 26, 2016 22:06 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның шығысында ДАИШ тобының 130- дан астам мүшесі өлтірілді

Ауғанстанның Нангархар уалаятының әкімі ауған күштерінің соңғы екі күнде құрлық және әуеден жасаған шабуылдарынан осы уалаяттың Кут қаласында ДАИШ лаңкестік тобының 130 мүшесі мерт болды деп мәлімдеді.

Салимхан Қундузи жергілікті ақпарат құралдарына осы қақтығыстар барысында 12 ауған сарбазының қаза болып, 18-нің жараланғанын хабарлады. Сенбі күні ауған дереккөздері ДАИШ лаңкестік тобының Кут қаласына шабуыл жасап, бірнеше баланы айуандықпен өлтіріп, бірнеше әйелді өздерімен алып кеткенін мәлім етті.