Түркия астанасындағы жарылыстың құрбандары артты
Анкарада бомба қойылған көлік жарылысы салдарынан 18 адам қаза болып, 60-тан астам адам жараланды.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні кешке Анкарада бомба қойылған көлік жарылды. Оның нысанасына көптеген министрліктер, Қарулы күштердің бас штабы, әсіресе, Түркия Парламентінің ғимараттары орналасқан Анкараның орталық алаңында орныққан қарулы күштер кереуені алынды. Түркияның ақпарат арналары жарылыс орнындағы өртке оранған жерлер мен әскери көліктердің суреттерін жариялады.
Түркияның әскери орталықтарының маңында ауқымды жарылыстар орын алғаннан кейін ел Президенті Реджеп Тайып Ердоған төтенше қауіпсіздік отырысын өткізетінін мәлімдеді.
Ердоған, сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку сапарын кейінге қалдырды.
Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні кешке: "Түркия үкіметі жарылыс себепкерлерінің әрекеттеріне тиісті жауап қайтарады" деді.
Түркия Президенті мәлімдемесінде: "Барша Түркияның өзін қорғаудағы заңды құқығын кез келген уақытта және кез келген жерде қолдануда еш күмәнданбайтынын білсін" деп ескертті.
France Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияның ресми көздері сәрсенбі күні кешке Анкарада орын алған жарылыстардан кейін Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлының Брюссельге жоспарланған сапарына бармайтынын хабарлады.