АҚШ ИСИМ-нің айналымдағы миллиондаған доллар көлемінде қаржысын жоғалтқаны туралы уәж айтты
Бір америкалық қайраткер: "ИСИМ-ге қарсы халықаралық коалицияның шабуылдары нәтижесінде бұл топ өзінің қаржы көзінің миллиондаған долларынан айырылды" деген уәж айтты.
France Press ақпарат агенттігінің Вашингтоннан хабарлауы бойынша, ИСИМ-ге қарсы коалицияның әуе амалдарының ақпарат хатшысы Стивен Уорн кеше сәрсенбі күні: "Ирак пен Сирияда ИСИМ-нің ақша қоры сақталған мекендерді бомбалаудың нәтижесінде осы уақытқа дейін бұл топ өзінің қаржы көзінің миллиондаған долларынан айырылды. Өткен аптада коалиция ұшақтары 10 ғимаратты нысанаға алып, ИСИМ-нің қаржы қорын жойды" деді. Уорн ИСИМ-нің әуе шабуылдарында жоғалтқан ақша қорының нақты сомасы туралы мәліметтің жоқ екеніне тоқталып, оның ықтималды мөлшерінің жүздеген миллион долларға жететіндігін айтты.
АҚШ әскери қайраткерінің айтуынша, ИСИМ басшыларының лаңкестердің жалақыларын азайту туралы шешімі осы топтың қаржы көзінің азайғанын көрсетеді.