Ағылшын тілі Еуропалық Одақтың ресми тілі болмайды
Маусым 28, 2016 19:37 Asia/Almaty
Еуропа парламентінің құқықтық істер комитетінің төрағасы Данута Хюбнер Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шығып кеткен соң ағылшын тілі осы одақтың ресми тілі болмайды деп мәлімдеп:
"Лондон ағылшын тілін өзінің ресми тілі деп жариялағандықтан осы тіл Еуропалық Одақтағы 24 ресми тілдің бірі саналды, бірақ Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығу үдерісі аяқталған соң ағылшын тілі өзінің бұрынғы мәртебесінен айрылады" деді.
Тегтер