Байден АҚШ- тың Асадты биліктен шеттетудегі қауқарсыздығын мойындады
(last modified Tue, 28 Jun 2016 14:45:09 GMT )
Маусым 28, 2016 20:45 Asia/Almaty
  • Байден АҚШ- тың Асадты биліктен шеттетудегі қауқарсыздығын мойындады

АҚШ президентінің орынбасары Вашингтонның күшке жүгінуімен Сирияның заңды президентін биліктен шеттету жолындағы талпыныстарының сәтсіздігін мойындады.

АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден дүйсенбі күні «Blumberg» арнасына берген сұхбатында Түркия қайраткерлерінің Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақ құру талаптарына сілтеме жасап: «Америка Башар Асадты Сирияда биліктен шеттете алмайды. Сондықтан Түркия егер шамасы жетсе өзі іске кіріссін» деді.

АҚШ президентінің орынбасары Сирияға кез- келген әскери араласудың қауіпті екендігіне сілтеме жасап: «Бұл елге шабуыл жасау үшін АҚШ Ресей мен Иранға қарсы тұруы керек. Бұл мүмкін емес. Өйткені Ресей Сирияға радарлық құрылғы орнатқан. Құрылғы елдің басым бөлігін қамтып отыр» деп, сөзінің келесі бөлігінде: «АҚШ қазір гуманитарлық көмектерді күшейтуге, Сирияда жаңа үкімет құруға және ДАИШ- ты жеңіліске ұшыратуға ден қойып отыр» деген уәж айтты.