Адам құқығын бақылаушы ұйым Түркияда сыншыларды басып- жаншуға қатысты ескерту жасады
Адам құқығын бақылаушы ұйым Түркияда адам құқығы жағдайының ушығуы туралы ескерту жасап, Анкара қайраткерлерінің сыншыларды басып-жаншу шарасын айыптады.
Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан Адам құқығын бақылаушы ұйым бейсенбі күні Түркияда демократия құлдырап бара жатқан жағдайда елдің келешегінің көрінісін «қайғылы және қараңғы» деп атады
Адам құқығымен айналысатын осы топ Түркияда ақпарат құралдарының басып-жаншылуына сілтеме жасап: «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сын-пікірді көтере алмауы ақпарат құралдарының қызметкерлеріне нұқсан келтіруде» деп хабарлады.
Адам құқығын бақылаушы ұйым сондай-ақ Түркия үкіметін журналистерді қамап, бірнеше ақпарат құралын бақылауға алғаны үшін сынады.
Адам құқығын бақылаушы ұйымдағы танымал түрік зерттеушілердің бірі Эмма Синклэр Вебб: «Анкара қайраткерлері өткен жылы сыншыларға қарсы үрей-қорқыныш кеңістігін қалыптастыруға және қарсыластардың ісін зорайтып көрсетуге бейім екендіктерін көрсетті» деді.