Еуропа соты Иранның «Меllаt» банкіне санкция салудың әділетсіздік екендігін мойындады
(last modified Thu, 18 Feb 2016 16:35:14 GMT )
Ақп 18, 2016 22:35 Asia/Almaty
  • Еуропа соты Иранның «Меllаt» банкіне санкция салудың әділетсіздік екендігін мойындады

Еуропа соты Еуропа Кеңесінің «Меllаt» банкі туралы мәселені қайтадан қарау өтінішін қабылдамай: "Ирандық банктің активтері 2010 жылы нақақ бұғатталды" деді

Иранның «Меllаt» банкі алты жыл бойы ешқандай айғақ- дерексіз Еуропа Одағы тарапынан санкцияға ұшырағанын дәлелдеген болатын. Еуропаның жоғары соты осы дәлелдемені қабылдады. Еуропа соты ««Меllаt» банкі Иранның бейбіт сипатқа ие емес ядролық бағдарламасы мен баллистикалық зымыран бағдарламасын қолдайды» деген негіздегі Еуропа Кеңесінің дәлелдемесі туралы жеткілікті айғақтың жоқ екендігін мәлімдеді.