Бреннан Америкада да Ыстамбұлдағы шабуылға ұқсас әрекет орын алуы мүмкін екендігін ескертті
(last modified Thu, 30 Jun 2016 16:49:43 GMT )
Маусым 30, 2016 22:49 Asia/Almaty
  • Бреннан Америкада да Ыстамбұлдағы шабуылға ұқсас әрекет орын алуы мүмкін екендігін ескертті

Американың барлау ұйымының басшысы Ыстамбұлдағы шабуылға ұқсас әрекеттің өз елінде де орын алуы мүмкін екендігін ескертті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша Джон Бреннан сәрсенбі күні жарияланған Yahoo News сайтына берген сұхбатта ДАИШ лаңкестік тобының Америкада да Түркиядағы сияқты шабуылдарды жоспарлап жатуының мүмкін екендігін айтты.

Бреннан сөзін жалғап: «Барлау саласындағы кәсіби маман ретінде ДАИШ-тің мүмкіндіктері мен олардың адамдарды өлтірудегі және әртүрлі шекаралардан тыс жерлерде шабуылдар жасауға деген құлшыныстарына алаңдаудамын. Егер ДАИШ осындай шабуылды Америкада жасауға талпыныс жасамаса, таң қалатын боламын» деді.

Ол Ыстамбұлдағы Ататүрк әукжайындағы шабуылдаушының жарылғыш белбеу таққанына тоқталып: «Қашу туралы алаңдамайтын, белін бекем буған дұшпан тарапынан жасалатын көп шабуылдарға тосқауыл қою стратегиясы күрделі. Жарылғыш белбеу жасау аса қиын емес» деді. Бреннаның сөздері оның осы уақытқа дейін Ыстамбұл шабуылының сыртында ДАИШ тобының тұрғанын растамаған жағдайда айтылып тұр.