Батыстың Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қарсы жалған дау- дамайы аяқталды
Ресей президенті Батыстың Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қарсы жалған дау- дамайын аяқталды деп атады.
ИРНА- ның Мәскеуден хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин кеше бейсенбі күні осы елдің шетелдегі елшілері және өкілдіктерінің төрағаларын қабылдауында Батыстың, әсіресе Американың Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын әскери қоқан-лоққы ретінде талқылауын сынап: «Қазір Иранға қарсы талқыланған ядролық қауіп деген жалған дау- дамай аяқталды» деді.
Ресей президенті сөзінің жалғасында: «Иран тарапынан ядролық қауіп төніп отыр деген жалған дау- дамай сылтауымен АҚШ- тың Еуропаға зымырандық құрылғы орнатуын ақтауы енді өткен уақыттың еншісінде қалды» деді.
Ресей президентінің айтуынша, Мәскеу де АҚШ- тың Шығыс Еуропаға осы құрылғыны орнатып, текетірес тудыруына тосқауыл қою үшін тиісті шара қолданады.
Ресей президенті сондай- ақ Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелігін қолдап: «Пәкістан мен Үндістанның осы ұйымға қосылуынан кейін ендігі кезек Иранға жетіп отыр» деді.