Сирия дағдарысы туралы келіссөздердің нәтижеге жетпеуінің себептері
БҰҰ- ның Сирия ісі жөніндегі өкілі Стэффан де Мистура сәрсенбі күні бейбітшілік келіссөздерінің қайтадан басталатын уақытының әлі белгісіз екендігін мәлімдеп: "Белгілі бір перспектива мен тараптардың келісөздерді ілгерілетуге талабы болмайынша сұхбаттасулардың жаңа кезеңі туралы айту пайдасыз" деді.
Сирияда дағдарыс басталғаннан бері бес жылдан астам уақыт өтті. Осы мерзім ішінде бұл дағдарысты доғару үшін қолданылған негізгі шешім жолдарының бірі дипломатия болып табылады. Алайда осы шешім жолының Сирия дағдарысы үшін әлі нәтижесі болған жоқ.
Стэффан де Мистура кеше: «Әрбір отырыс немесе келіссөздің мақсаты нәтижеге қол жеткізу, мұрсат тудыру және табысқа алғышарт әзірлеу болып табылады. Әйтпесе тек отырыс өткізу мақсат емес» деді.
Де Мистураның осы мәлімдемесі Сирия дағдарысындағы сұхбаттасу жолының сәтсіздігін ишарамен мойындауы болып табылады. Сирия дағдарысы туралы келіссөздердің нәтижеге жетпеуінің себептеріне жауап берер болсақ, осы елдің Таяу Шығыстың аймақтық жүйесіндегі маңыздылығына сілтеме жасау керек. Сирияның жағырапиялық орналасуын былай қойғанда, осы елдің Азияның батысындағы саяси мәртебесі маңызға ие. Сирия аймақта қарсыласудың және бітімді қабылдамаудың негізгі де ықпалды ойыншыларының бірі болып табылады.
Сирия дағдарысы туралы келіссөздердің нәтижелі болмауы туралы келесі тақырып дағдарыс тақырыбына қатысты. Сириядағы дағдарыс мәселесі осы елдің Башар Асад жетекшілігіндегі саяси жүйесі болып табылады. Сауд Арабиясы, Катар және Түркия Сириядағы Башар Асад жетекшілігіндегі саяси жүйені өзгертуге талпыныс жасауда. Алайда Иран мен Ресей сияқты елдер Сирия дағдарысын тек Сирия халқы ғана оның тағдыры мен Башар Асадтың тағдырын анықтай алатын сол елдің ішкі мәселесі санайды.
Сириядағы Башар Асад жетекшілігіндегі саяси жүйені өзгерту Батыс Азия аймағындағы күштің тепе-теңдігін бұза алады.
Өзге бір жайт Сирия дағдарысындағы ойыншылардың санына қатысты болып келеді. Бір дағдарыста ойыншылардың саны неғұрлым азырақ болса, келіссөз арқылы нәтижеге қол жеткізу үшін мүмкіндік соғұрлым көбірек болады. Сирия дағдарысында көптеген ішкі ойыншылар рөл атқаруымен қоса, аймақтық және аймақтан тыс ойыншылар мен лаңкестік топтар да құзырға ие болып отыр.
Шын мәнінде Сирия дағдарысы туралы дипломатиялық шешім жолының нәтижелі болмауының бір себебі осы елдің қауіпсіздік сахнасында лаңкестік топтардың зор құзырға ие болып отырғанында. Кейбір топтарды аймақтық және аймақтан тыс ойыншылар қолдап отырса, көптеген топтар Сирияның түрлі аймақтарында өз бетімен бейберекеттік тудырып, лаңкестік әрекеттерін жалғастыруда. Осы фактор де Мистураның Сирияға адами көмектердің жеткіліксіз екендігін айтуына себеп болды. Осы айғақтарға сәйкес Сирия дағдарысы туралы келіссөздердің келесі кезеңдерінің уақыты белгілі еместей көрінеді.