Америка Иранға қарсы ядролық бағдарламадан тыс санкцияларды күшейтуді күн тәртібіне қоймақ
Американың Иранға қарсы санкцияларын жобалаушы: "АҚШ- тың келесі үкіметі адам құқығы және аймақтық әрекеттер саласында Иранға қарсы санкцияларды күшейтуді ойластыруы керек" деді.
Вашингтондағы демократияны қорғау қоры деп аталатын «FDD» зерттеу кеңсесінің атқарушы директоры әрі Иранға қарсы санкциялардың негізгі жобалаушысы Марк Дубовиц жұма күні Тель- Авивте «Иранның ядролық келісімінен бір жылдан кейін: ядролық, экономикалық және аймақтық салдарлар» атты тақырыпта өткен отырыста осы тақырыпты қуаттады.
Ол өз мәлімдемесінде Американың келесі президентіне кеңес беріп: «Егер Хиллари Клинтон АҚШ президенті болса, оған Иранда өзгерістер жасау стратегиясы ислам республикасы жүйесінің басшыларына қарсы қатаң саяси шараларды қамтуы керек деген кеңес беремін. Ірі қаржы кеңселерінің әзірше Иранға оралмауының себебі Иранға қатысты жалпы санкциялардың болу, болмауында емес. Осы мәселенің себебі Америка санкцияларының, әсіресе осы қаржы органдарының Иранға кіруін тежеп отырған екінші санкциялары болып табылады» деді.
11- ші қыркүйекте лаңкестік шабуылдар орын алғаннан кейін негізі қаланған және негізгі қызметі қоқан-лоққыларға қарсы АҚШ қорғау деп жарияланған «FDD» қоры іс жүзінде демократияны өрістету атымен Иранның әлемдік бейнесін бұзушы қорға айналып отыр.
Марк Дубовицтің Иранға қарсы санкцияларды күшейту туралы мәлімдемесі мынадай жағдайда айтылып отыр: ол осыдан шамамен 5 жыл бұрын «The San Francisco Examiner» газетіне берген сұхбатында әлем елдері Батыстың санкцияларына көңіл бөлмей Теһранмен байланысын одан әрі жалғастыруда деген еді.
Дегенмен осындай мәлімдемелер Американың «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын толығымен орындауға кедергі келтіру бағытындағы жымысқы саясатын аңғартады. Американың осы саясатын Иранның сыртқы саясат аппараты талай рет сынап, оған наразылық танытқан, алайда әр жолы АҚШ қайраткерлері Америкадағы қаржы заңдары өзіне тән шиеленістерге ие деп ақталумен санкциялардың күші жойылған соң жағдайдың қалпына оралуы туралы уәде береді, бірақ іс жүзінде санкцияларды сақтау және оны жалғастыру бағытында түрлі сылтаулармен қадам жасауда.
Осы мәселе қазір Америкадағы президенттік сайлаудан ықтималды үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарының қатарына енген.
Сайлауда шешуші рөл атқаратын Америкадағы сионистік лоббистер де осы тақырыпқа ерекше назар аударып отыр. Дегенмен Америка Қауіпсіздік Кеңесінің қарары бойынша барлық тараптар нақты және толығымен орындауы тиіс «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын күшіне енгізуге қатысты өзінің кедергі келтірулеріне жауапты болуы керек.