Шіл 03, 2016 15:18 Asia/Almaty
  • Зариф лаңкестікпен күресу үшін әлемдік бірліктің қажеттілігін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі ДАИШ лаңкестік тобының Бангладеш астанасындағы ресторандардың біріне жасаған шабуылын әлем мемлекеттерінің лаңкестікпен күресуге қарсы бірлігінің қажеттілігінің келесі бір белгісі деп атады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні лаңкестікпен күресу үшін әлемдік бірліктің қажеттілігін тағы да қуаттады.

Жұма күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының бес мүшесі Дакканың дипломатиялық аймағындағы ресторандардың біріне шабуыл жасап, ондаған адамды кепілдікке алды. Полицияның бірнеше сағатқа созылған әрекетінде кепілге түскен 20 адам, 2 полиция офицері мен шабуыл жасаған 5 лаңкес өлді.

Иран Сыртқы істер министрі бұл лаңкестік шабуылға көрсеткен реакциясында: «Даккадаға лаңкестік шабуыл туралы Батыс ақпарат құралдарында көп айтылмағанымен, осы оқиға әлемді бұл сұм құбылыстан құтқару үшін барлық елдердің бірігуі қажеттігін көрсетті»,- деп қуаттады.

ДАИШ сенбі күні Бангладештегі лаңкестік шабуылға қатысқандардың суреттері мен белгілерін жариялап, шабуылдың жауапкершілігін ресми түрде өз мойнына алды.

Тегтер