Иран Бангладештегі лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Sun, 03 Jul 2016 15:45:05 GMT )
Шіл 03, 2016 21:45 Asia/Almaty
  • Иран Бангладештегі лаңкестік шабуылды айыптады

Иран Ислам Республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы Бангладештің астанасы Даккадағы лаңкестік шабуылды айыптады.

СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының хабарлауынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні Даккадағы лаңкестік шабуылды айыптаумен қоса, құрбан болғандардың отбасы мен Бангладеш үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Әлем Иран ислам республикасының лаңкестік және экстремизммен толассыз әрі шынайы күрес үшін бейбіт үнін тыңдауы керек. Даккадағы лаңкестік шабуыл лаңкестік пен бейкүнә халықты қырудың сорақы бейнесін тағы көрсетті» деді.

Иран ислам республикасы СІМ-нің ақпарат хатшысы сондай-ақ, Бангладештегі лаңкестік шабуыл терроризмнің шекара, ұлт, мазхаб және жағырапия танымайтынын және онымен күрестің барлық елдердің ұжымдық ынтымақтастығын талап ететіндігін дәлелдейтінін айтты.

Жұма күні кешке ДАИШ лаңкестік тобына қарасты адамдар Бангладеш астанасы Даккадағы дипломатиялық аймақтағы бір ресторанға шабуыл жасап, ондаған кісіні кепілдікке алды. Полицияның кепілдікке алу әрекетті доғаруға жасаған талпынысы барысында кепілдікке алынған 20 адам, 20 полиция офицері және сондай-ақ қастандық жасаушылар қаза болды. Осы шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ тобы өз мойнына алды.