Түркияның үкімет басшысы Анкара мен Мәскеудің достығын қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i10630-Түркияның_үкімет_басшысы_Анкара_мен_Мәскеудің_достығын_қуаттады
Түркияның үкімет басшысы Ресейді Түркияның мәңгілік досы және одақтасы деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 04, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Түркияның үкімет басшысы Анкара мен Мәскеудің достығын қуаттады

Түркияның үкімет басшысы Ресейді Түркияның мәңгілік досы және одақтасы деп атады.

Бинали Йылдырым: "Соңғы кезде Мәскеу мен Анкара арасында орын алған уақытша текетірес тараптардың ешбірінің қалауы болған жоқ. Түркия көрші елдермен мәңгілік дос болуды және олармен ынтымақтастық жасауды мақсат етеді" деді.

Түркия мен Ресей 2015 жылдың қараша айында Түркия армиясы тарапынан ресейлік бір қырғи ұшақ құлатылған соң нашарлап кеткен байланыстарын жуықта қайтадан бастады.