Сионистік режим Үндістанға жасырын көмектесуде
Сионистік режим Үндістанға ядролық бағдарламасы мен көршілес мұсылман Пәкістан еліне қарағанда ядролық және зымырандық күш-қуатын арттыру үшін жасырын түрде көмектесуде.
«Әл-Әлам» ақпарат арнасының мәліметі бойынша, бұл мәліметті сионистік Israel Defense журналы әшкере етіп: «Үндістан Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қайраткерлерінің бірі Вакрам Санджиттің сөзіне сілтеме жасап: «Израиль мен Үндістан арасындағы құпия технологиялық ынтымақтастықтың мақсаты Үндістанның атом мүмкіндіктерін арттыру. Дели мен Тель-Авив атом мәселесі жөніндегі ынтымақтастықтарын жасырын қалдыруға күш салуда. Екі жақтың жасырын келісімдері бойынша Израильдің атом саласы ғалымдарының бірқатары Үндістанның атом нысандарын аралап, оларды алға ілгерілету және қауіпсіздік кепілдікпен қамтамасыз ету туралы кеңестер берді»,- деп жазды.
Сионистік режим де соңғы кезде Үндістанмен «Барак 8» зымырандық жүйесін жетілдіру саласында ынтымақтастық жасап, бұл жүйені Үндістан мен сионистік режимді қорғау үшін сынақтан өткізді.