Түркияның Ресейге Инджирлик әуе базасын пайдалануды ұсынғаны туралы хабар теріске шығарылды
https://itolqyn.com/news/world-i10666-Түркияның_Ресейге_Инджирлик_әуе_базасын_пайдалануды_ұсынғаны_туралы_хабар_теріске_шығарылды
Түркия Сыртқы істер министрі: «Түркия ДАИШ лаңкестік тобына қарсы соғыста өзінің Инджирлик әуе базасын Ресей әскерилерінің ықтиярына бермейді»,- деп жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 05, 2016 14:42 Asia/Almaty
  • Түркияның Ресейге Инджирлик әуе базасын пайдалануды ұсынғаны туралы хабар теріске шығарылды

Түркия Сыртқы істер министрі: «Түркия ДАИШ лаңкестік тобына қарсы соғыста өзінің Инджирлик әуе базасын Ресей әскерилерінің ықтиярына бермейді»,- деп жариялады.

TRT телеарнасының ғаламтор базасының мәліметі бойынша, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия Ресейге Инджирлик әуе базасын пайдалануды ұсынды деген хабарға реакция білдіріп: «Ресей ақпарат құралдары әскери ынтымақтастықтарға қатысты ұсынысымды дұрыс аудармаған. Анкара Ресейге лаңкестікпен күресу саласында ынтымақтастық жасауды ұсынды»,- деді.

Айта кететін жайт, дүйсенбі күні «Рейтер» ақпарат агенттігі: «Анкара аймақтың тұрақтылығын қайтарып, лаңкестік топты жою үшін Ресейге ынтымақтастық жасауды ұсынып, Инджирлик әуе базасын ресейлік әскрилердің ықтиярына береді»,- деп хабарлаған болатын.

Инджирлік әуе базасында «ДАИШ-ке қарсы соғысудамыз» деп уәж айтып отырған АҚШ пен Германияның, Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы және Қатардың әскери ұшақтары орналасқан.