Араб аймағындағы мұнайға бай мемлекеттердің экономикалық проблемалары
Парсы шығанағының оңтүстігіндегі мұнайға бай кейбір мемлекеттердің әлемдік мұнай бағасын төмендетудегі істің салдарын ойламауы мен қастықтары олардың өздерін көптеген қиындықтарға шырмады.
Өткен екі жылдағы кейбір араб мемлекеттерінің соның ішінде Сауд Арабиясының мұнайдың әлемдік бағасын төмендету және Иран, Ресей мен Ирак сынды елдердің экономикасына зардап келтіруді көздеген әрекеттерінен кейін ресми ақпарат құралдары «Мұнайдың бағасын жасанды түрде төмендету Сауд Арабиясының бақталастарына зиян келтіруден бұрын, Сауд режимі мен оның одақтастарының өздерін қиындықтарға шырмады»,- деп мәлімдеді.
«Рейтер» ақпарат агенттігі Дубайдан мұнай сарапшыларының сөздеріне сілтеме жасап: «Сауд Арабиясының мұнай бағасын төмендетуі мен қару-жарақ сатып алуы, соғысұқұмарлығы аймақтағы араб мемлекеттеріне экономикалық проблемалар тудырды»,- деп хабарлады.
Осы мәлімдемеге сәйкес, Сауд Арабиясының мұнай кірістерінің төмендеуі бұл елдің экономикалық дамуын бәсендетумен бірге Риядты бюджет тапшылығына тіреді. Сол себепті бұл мемлекет бірінші реті шетелдік банктерден қарыз алу үшін акцияларын сатып, энергетикалық қорының бағасын көтеруге бет алды. Лондонның «Капитал Экономикс» ұйымы өзінің бұдан бұрын жариялаған мәлімдемесінде ағымдағы жылы Сауд Арабиясының экономикалық дамуының 0-0,5 пайыздан аспайтынын болжаған.
Бюджет тапшылығы мен экономикалық тоқырау Сауд Арабиясын ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағының басқа да мұнайға бай елдерін де қиындықтрмен кезіктірді. Бұл салада Кувейттің Экономика және мұнай министрі Унс әс-Салеһ жексенбі күні: «Бұл ел бюджетінің тапшылығын шешу үшін 20 жылдан кейін жергілікті және шетелдік банктерден 10 миллиард доллар қарыз алуға мәжбүр болды деді. Кувейт өткен 20 жылда әрқашан бюджетінің артуымен бетпе-бет келген болатын.
Бюджет тапшылығы мен экономикалық дамудын төмендеуі Сауд Арабиясы мен Кувейттен басқа Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Қатарды қиындықтармен кезіктірді. Осы кезде Парсы шығанағы аймағындағы араб мемлекеттеріндегі экономикалық белгісіздік Сауд Арабиясы мен басқа кейбір араб мемлекеттерінің 2014-ші жылдың соңындағы мұнай бағасын төмендету шешімінің салдары. Мұнайдың әр баррелінің әлемдік бағасы 100 доллардан 40 долларға түсті.
Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша, Рияд пен АҚШ-тың аймақтағы, әсіресе Ирак пен Сириядағы саясаттары сәтсіздікке ұшыраған соң Рияд Вашингтонмен қосылып, Иран, Ресей және Иракқа соққы беруді мақсат етті. Бірақ бұл әрекет кері нәтиже беріп, Парсы шығанағындағы араб елдерінің өздеріне шығын келтірді.
Халықаралық Ақша қоры мен Әлемдік даму ұйымы сынды халықаралық органдар Парсы шығанағы аймағындағы араб елдерінің қаржы жағдайына қатысты ескерту жасап: «Қаржыны дұрыс пайдаланбау мен бұл мемлекеттердің өз азаматтарының тұрмысына қажетті стандарттарға көңіл бөлмеуі және қару-жарақ сатып алуды жалғастыруы олардың билігін қатерге тірейді»,- деді.