Түркия мен Қазақстан президенттері телефон арқылы сөйлесті
Шіл 06, 2016 17:33 Asia/Almaty
Түркия мен Қазақстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, әртүрлі мәселелер туралы пікір алмасты.
РИА-Новостидің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті әкімшілігінің қоғамдық жұмыс бөлімі сейсенбі күні кешке Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Эрдоғанның телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындығы ынтымақтастықтарды дамыту келешегі туралы пікір алмасқанын хабарлаған.
Түркия мен Қазақстан президенттері ортақ мақсаттарға жету бағытындағы екі жақты қарым-қатынастарды арттыруға мүдделік танытты. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, атап айтқанда халықаралық лаңкестік және экстремизммен күресу Түркия мен Қазақстан президенттерінің телефон арқылы пікір алмасуларының келесі мәселесі болды.
Тегтер