Ресей мен НАТО текетірестерді азайту мақсатында жаңа отырыс өткізеді
(last modified Thu, 07 Jul 2016 10:28:26 GMT )
Шіл 07, 2016 16:28 Asia/Almaty
  • Ресей мен НАТО текетірестерді азайту мақсатында жаңа отырыс өткізеді

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ның бас хатшысы осы ұйымның Ресеймен жаңа отырысының ағымдағы шілде айының 13-і күні өтетінін хабарлады.

«France Press» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг сәрсенбі күні отырыстың Бельгия астанасы Брюссельдегі ұйымның штаб-пәтерінде НАТО-ға мүше елдер басшыларының Польша астанасы Варшавадағы отырысынан төрт күннен кейін өтетінін, НАТО-Ресей кеңесінің сұхбаттасу және мәлімет алмасу ассамблеясы ретінде текетіресті азайту және ықпалдастықты арттыруда маңызды рөл атқара алатынын мәлімдеді.

Украина дағдарысы Мәскеу мен НАТО арасында қатаң текетіреске себеп болып отыр. НАТО- Ресей кеңесі 2014 жылғы шілдеден кейін өткен сәуір айында Брюссельде тек бір отырыс қана өткізген.

НАТО Қырымды Ресей жеріне қосуға және Украина үкіметі қарсыластарының осы елдің шығысындағы қақтығыстарына наразылық ретінде 2014 жылы Мәскеумен кез- келген іс жүзіндегі ынтымақтастықты тоқтатып, осы елді қарсыластарға әскери қолдау көрсетіп отыр деп айыптап отыр.

НАТО-ға мүше 28 елдің елшілері мен олардың ресейлік әріптесі Александр Горшков 2016 жылы 20- шы сәуір күні арада 20 ай өткеннен кейін Брюссельде алғаш рет сұхбаттасты.