Обама: АҚШ полициясына реформа жүргізу қажет
Шіл 08, 2016 22:10 Asia/Almaty
АҚШ-та полицияның қолынан қара нәсілді бір адам көз жұмған оқиғадан кейін АҚШ Президенті Барак Обама жұма күні елдің полициясына реформа жүргізуді талап етті.
НАТО саммитіне қатысу үшін Варшаваға сапар шеккен Барак Обама еліне оралған соң сәрсенбі күні Миннесотада полицияның қолынан көз жұмған қара нәсілдінің жанұясына көңіл айтып, АҚШ-ның сан рет нәсілшілдіктің куәсі болғанын мәлімдеді. Барак Обама ақ нәсілді емес америкалықтардың қамауға түсу, бақылау немесе полицяның қолынан өлімге ұшырау қатерлеріне көбірек түсетіндіктеріне тоқталып, өзінің ақ нәсілді отандастарынан мұны тек азшылықтың мәселесі деп санамауды сұрады.
Тегтер