НАТО- ның төрт жаңа батальоны Ресейге жақын маңға орналастырылады
НАТО осы шартқа мүше елдерден өзге төрт батальонды Шығыс Еуропаға (Ресейге жақын жерге) орналастыруды ұйғарғанын мәлімдеді.
НАТО- ның бас хатшысы Йенс Столтенберг осы әскери шарт басшыларының Варшавадағы отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатта: «Шығыс Еуропаға жаңа күштер орналастыру жөніндегі шешім қазіргі жағдайға сараптама жасалған соң қабылданды. Осы күштерді орналастыру НАТО- ның Шығыс Еуропадағы қолайлы құзырына кепілдік етеді» деді.
Йенс Столтенберг НАТО- ның жаңа күштерін орналастырудың себептеріне сілтеме жасамастан, Ресейдің Балтық теңізі аймағындағы текетірестерді азайту мақсатында келіссөз жүргізу жөніндегі ұсынастарын қолдайтынын мәлімдеді.
Сондай- ақ АҚШ президенті Барак Обама жұма күні Варшавада өзінің польшалық әріптесі Анджей Дудамен кездесудің соңында НАТО- ның қорғаныстық әлеуетін күшейту үшін Польшаға 1000 америкалық әскериді орналастыратынын айтты.