Ресей Шығыс Еуропа елдерінің АҚШ-ның саясатына еруін сынады
(last modified Sat, 09 Jul 2016 08:57:01 GMT )
Шіл 09, 2016 14:57 Asia/Almaty
  • Ресей Шығыс Еуропа елдерінің АҚШ-ның саясатына еруін сынады

Ресей парламентінің депутаты Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) зымыранға қарсы құрылғысы Шығыс Еуропа елдерінің АҚШ саясатының кепілгері болуына себеп болады деді.

ТАСС ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Владимир Комоедов НАТО- ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің жуықтағы мәлімдемесіне көрсеткен реакциясында: «Егер Ресей реакция көрсетуге мәжбүр болса, Шығыс Еуропа елдері Ресей зымырандарының нысанасына айналады. Сол себепті НАТО- ның зымыранға қарсы осы құрылғысы Шығыс Еуропа елдерінің АҚШ саясатының кепілгеріне айналуына себеп болады» деп мәлімдеді.

Думаның қорғаныстық комитетін басқарып отырған Ресей парламентінің осы депутаты: «Егер НАТО- ның зымырандық қорғаныс құрылғысы іске қосылса, Ресейдің жақын қашықтыққа қолданылатын зымырандары осы зымыранға қарсы бөгетті қирату міндетін мойнына алады. Бұл шабуылға берілген жауапты білдіреді» деді.

Ресей Думасының қорғаныстық комитетінің төрағасы сондай- ақ елінің ешқашан бірінші болып шабуыл жасамайтынын, қорғаныс үшін реакция көрсететінін мәлімдеді.