Американың Аризона штатында нәсілшілдікке қарсы шерулер қақтығыстарға ұласты
(last modified Sat, 09 Jul 2016 12:15:59 GMT )
Шіл 09, 2016 18:15 Asia/Almaty
  • Американың Аризона штатында нәсілшілдікке қарсы шерулер қақтығыстарға ұласты

Американың Аризона штатындағы нәсілшілдікке қарсы шерулер полициямен қақтығыстарға ұласты.

ABC телеарнасының мәліметі бойынша, полиция күштері сенбі күні Аризона штатының орталығы Финикс қаласында өздерінің азаматтық құқықтарына құрмет көрсетілуді талап еткен наразыларды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Азаматтық құқық белсенділері Финикс қаласының күрежолдарының бірінде өздеріне қарай көзден жас ағызатын газ атқан полиция күштерінің саптарымен бетпе-бет келді.

Нәсілшілдікке қарсы шерулер соңғы күндері Американың көптеген штаттарында өтіп жатыр. Даллас қаласының бес полиция қызметкері де бейсенбі күні Миннесотының "Фалькон-Хайтс" аймағында бір қара нәсілді азаматқа төрт оқ атып өлтірді.

Америка полициясының екі қызметкері де сенбі күні Луизиананың "Батон-Руж" қаласында қолында мылтығы болмаған бір қаранәсілді адамға оқ атып, оны ажал құштырды.