Салеһи Пан Ги Мун мен Меркельдің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді
Иранның Атом Қуаты ұйымының төрағасы Германия канцлерінің уәждері мен БҰҰ бас хатшысының сөздерін Иранға қарсы жаңа қастандықтардың қалыптасып келе жатқанының белгісі деп атады.
Иранның Атом Қуаты ұйымының төрағасы Али Акбар Салеһи Германия канцлері Ангела Меркельдің "Иран ядролық қаруларға байланысты құрал-жабдық сатып алу үшін талпыныс жасауда" деген сөздерге негізделген уәждерін теріске шығарып: ""Ортақ қадам бағдарламасына қол қойылғаннан кейін Иранның өзіне қажетті құрал-жабдықты жасырын сатып алуы үшін ешқандай қажеттілік жоқ" деді. Салеһи сонымен қатар БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның Иранға қарсы жуырдағы сөздерінің Меркельдің уәждерімен бір мезгілде айтылуына сілтеме жасп: "Бұл Иранға қарсы жаңа қастандықтардың жасалып жатқанының белгісі. Иранның СІМ осындай қастандықтың орын алуына тосқауыл қою үшін күш салуы керек" деді.