Ресейдің екі ұшқышының қаза болғаны расталды
Шіл 10, 2016 13:47 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігі бұл елдің екі ұшқышының Сирияда қаза болғанын растады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі ДАИШ лаңкестерінің Сирияның Хомс облысындағы тарихи Пальмира қаласында ресейлік тікұшақты нысанаға алып, сол шабуылдың салдарынан тікұшақтың екі ұшқышының өлгенін хабарлады.
Бұдан бұрын ДАИШ лаңкестік тобына байланысты «Амақ» ақпарат агенттігі бұл тікұшақтың Пальмираға жақын жерде құлатылғаны туралы хабарлаған болатын.
Тегтер