Америкада соңғы екі күнде болған атыс оқиғаларында ондаған адам қаза болды
https://itolqyn.com/news/world-i10945-Америкада_соңғы_екі_күнде_болған_атыс_оқиғаларында_ондаған_адам_қаза_болды
Америкадағы атыс оқиғалары туралы статистикалық мәлімет орталығы сенбі күні Америкада орын алған 54 атыс оқиғасынан 20 адамның қаза болып, 29 кісінің жараланғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 10, 2016 21:33 Asia/Almaty
  • Америкада соңғы екі күнде болған атыс оқиғаларында ондаған адам қаза болды

Америкадағы атыс оқиғалары туралы статистикалық мәлімет орталығы сенбі күні Америкада орын алған 54 атыс оқиғасынан 20 адамның қаза болып, 29 кісінің жараланғанын мәлімдеді.

Сондай- ақ Америкадағы атыс оқиғалары туралы статистикалық мәлімет орталығының есебінде жұма күні де Америка бойынша 78 атыстың орын алғаны, соның салдарынан 20 адам қаза болып, 65 кісі жараланғаны хабарланды. Соңғы екі күнде Америкадағы атыс оқиғаларынан 40 адам қазаға ұшырап, өзге 94 кісі жараланған.