НАТО-ның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы мәлімдемесі теріске шығарылды
https://itolqyn.com/news/world-i10972
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның зымырандық бағдарламасы туралы отырыста НАТО басшыларының алаңдаушылық білдіруін қабылдамай, оны өткендегі негізсіз уәждерді қайталау деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 11, 2016 14:23 Asia/Almaty
  • НАТО-ның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы мәлімдемесі теріске шығарылды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның зымырандық бағдарламасы туралы отырыста НАТО басшыларының алаңдаушылық білдіруін қабылдамай, оны өткендегі негізсіз уәждерді қайталау деп атады.

ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні НАТО басшыларының Иранның зымырандық бағдарламасы туралы отырысының қорытынды мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Иранның зымырандық әлеуеттерінің тек елдің заңды қорғаныстық бағдарламалары аясында ғана қолданылып, ядролық оқтұмсықты тасымалдауға жобаланбағаны сан рет мәлімденді. Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен ядролық келіссөздерге ешқандай қатысы жоқ, сонымен қатар 2231 қарарды бұзу болып саналмайды»,-деді.