Америка «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаған жоқ
«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын қадағалаушы топтың мүшесі Әли Акбар Велаяти америкалықтардың уәде еткен Иранмен ядролық келісім туралы міндеттемелерін орындамағанын мәлімдеді.
Велаяти Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына қол қойылғаннан дейін Иран да бейбіт ядролық шаралар негізінде шектеулер қою туралы өз міндеттемелерін орындап, сонымен қатар америкалықтар мен оның одақтастары да осы мерзім ішінде санкцияларды алып тастауы тиіс болған. ИИР ислам қағидалары бойынша өз міндеттемелерін орындады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі көбінесе бір жақты тұрғы ұстанса да, оны растады» деді.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі болып табылатын Велаяти сөзінің жалғасында: «Осы уақыт ішінде америкалықтар өз міндеттемелерін, яғни санкциялар мен оның салдарларын жою, Иран мен басқа елдер және Батыспен арада еркін сауда мен ғылыми, технологиялық, сауда және қаржы байланыстары жөніндегі міндеттемелерін орындамады. Оның себебі де арадағы қиыншылықтар.
Біз «алтылық» елдерінің өзге мүшелерінен америкалықтардың уәдеде тұрмауына қатысты неліктен үнсіздік танытып отырғандарын сұрауымыз керек» деді.