Зариф: Фейсалдың «Мұнафықтар» тобының жиынына қатысуы – ақылсыздықтың белгісі
ИИР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының Барлау органы бұрынғы басшысының «Мұнафықтар» лаңкестік тобының жиынына қатысуын біліксіздігі мен ақылсыздығының белгісі деп атады.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Қазақстанға аттанбас бұрын Иран Телерадио бірлестігінің тілшілеріне берген сұхбатында Сауд Арабиясы Барлау органының бұрынғы басшысы Торки Фейсалдың Парижде «Мұнафықтар» лаңкестік тобының жиынында болуына реакция білдіріп: «Хабарға айналған бұл қатысу – осындай адамдардың біліксіздігі мен ақылсыздығының белгісі. Олар Ирактың дарға асылған диктаторы Саддам сияқты өздерін лаңкестермен байланыстырып отыр.
Торки Фейсал һәм әл-Каида мен Талибанды құрды, һәм Сауд режимі тарихында сорақы рөл атқарды»,-деп баса айтты.
Зариф, сондай-ақ, Францияның «Мұнафықтар» лаңкестік тобының жиынын Парижде өткізуді қабылдауына өкініш білдіріп: «Бұл лаңкестік топтың Париждегі құзыры ұзақ жылдардан бастау алады. Бұл жиынға қатысатын адамдар лаңкестерге қолдау көрсетеді. Бұл да соны оқиға емес. Олардың әдеттегі саясаты осы болатын»,-деп мәлімдеді.