Әлем жетекшілері БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Израильді сынады
Әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері сионистік режимнің палестиналықтарға көрсетіп отырған қатынастары мен халықаралық заңдарды бұзуын сынға алды.
Палестиналық "Маа" хабар агенттігінің бейсенбі күнгі мәліметі бойынша, әлемнің әртүрлі елдерінің 40-тан астам өкілі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында палестиналық және сионистік тараптар арасындағы бітім келіссөздерінің тығырыққа тірелуіне алаңдаушылық білдіріп, Таяу Шығыста адами жағдайдың ушыға түсуіне себеп болып отырған тараптардың қақтығыстарын тоқтату үшін шешім жолын табу қажеттігін қуаттады.
Осы мәліметке сәйкес, БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун сионистік режимнің палестиналықтардың жерлерінде қалашықтар салуды жалғастыруын халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу деп атап: "Палестиналықтардың жерлерінде сонистердің қалашық салуды жалғастыруы мен палестиналықтарды даму мен ілгерілеушіліктен кенде қалдыруы басып алынған жерлердегі жағдайдың жақсаруына еш көмектеспейді. Бұл екі елді құру мәселесінің шешім жолына да кереғар" деді. Пан Ги Мун сондай-ақ жаулап алынған Палестина жерлерінде нәсілдік кемсітушілік заңының қабылдануына алаңдаушылық білдірді.