Иранға Boeing ұшақтарын сатуға тыйым салу "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу саналады
https://itolqyn.com/news/world-i11185
Американың Өкілдер палатасының демократ мүшесі Иранға Boeing ұшақтарын сатуға тыйым салуды "Ортақ қадам "жан-жақты бағдарламасын бұзу деп атап: "Бұл ел мүмкін, АҚХА-нің инспекторларын шығарып жібереді" деген күдік білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 14, 2016 23:14 Asia/Almaty
  • Иранға Boeing ұшақтарын сатуға тыйым салу

Американың Өкілдер палатасының демократ мүшесі Иранға Boeing ұшақтарын сатуға тыйым салуды "Ортақ қадам "жан-жақты бағдарламасын бұзу деп атап: "Бұл ел мүмкін, АҚХА-нің инспекторларын шығарып жібереді" деген күдік білдірді.

"Фарс" хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Американың Өкілдер палатасындағы Массачусетс штатының өкілі Иранға Boeing ұшақтарын сатуға тыйым салу жобасын сынға алып: "Бұл жоба Иранда қарапайым адамдардың ұшақпен ұшуын қатерге тірейді. АҚХА Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасының мазмұнына берік екендігі туралы есеп береді. АҚХА-нің маусым айындағы есебі оның толық сақталуын көрсетеді" деді. Американың демократ заң шығарушысы Американың Өкілдер палатасында Иранға ұшақ сатуға тыйым салу туралы бекітілген жуырдағы жобаны "Ортақ қадам" жобасын әшкере түрде бұзу деп атап: "Бұл жобаның салдары мынадай болмақ: Иран тексерістердің толығымен тоқтап қалуына себеп болатын АҚХА-нің инспекторларын елден шығарып жіберу құқығына ие болады" деді