Обама Иранмен ядролық келісімді мадақтады
(last modified Fri, 15 Jul 2016 09:21:55 GMT )
Шіл 15, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Обама Иранмен ядролық келісімді мадақтады

АҚШ Президенті Иран мен "алтылық" елдерінің ядролық келісімін дипломатияның жеңісі деп атады.

"Вашингтон Times" газетінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Барак Обама бейсенбі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жылдығына орай мәлімдеме жасап, ядролық келісімді принципті дипломатияның жеңісі деп атап: "Иран келісімге қаншалықты берік болса, АҚШ та соншалықты өз міндеттемелеріне берік болып қалады",-деп қуаттап, Вашингтонның Теһранмен әлі де терең қайшылықтарының барын еске салды.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жылдығына орай сөйлеген сөзінде: "Ядролық келісім осы келісімге қатысты міндеттемелерін орындайтын Иранмен бейбіт ядролық бағдарлама жасауға мұрсат берді",-деді.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Энергетика министрі Эрнест Мониц Иранмен ядролық келісімнің бір жылдығына орай жолдауында: "Иран мен алтылық елдерінің тарихи келісімі Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін және солай болып қала беретіндігіне кепілдік береді",-деп мәлімдеді.