Дмитрий Медведев Түркияда әлеуметтік жік бар деп ескертті
(last modified Sat, 16 Jul 2016 10:45:07 GMT )
Шіл 16, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • Дмитрий Медведев Түркияда әлеуметтік жік бар деп ескертті

Ресейдің үкімет басшысы Түркияда әлеуметтік жік бар деп ескертті.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Азия мен Еуропа басшыларының 11-ші саммитіне қатысу үшін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырға сапар шеккен Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев осы отырыстың соңында баспасөз конференциясына қатысып: «Түркиядағы әскери төңкеріс осы елдің қоғамында қалыптасқан терең жекті аңғартады. Түркия армиясының құрылымына да қауіпті жік түскен. Әскери төңкерістің негізгі себебі осы әлеуметтік және әскери жіктер болып табылады» деді.

Дмитрий Медведев Түркияда қандай оқиға орын алатынғын уақыттың көрсететіндігіне сілтеме жасап: «Мәскеу Түркиядағы Ресей азаматтарының өмірлері мен осы елдегі ресейлік компаниялардың мүддесін қорғау үшін арнайы шаралар қарастырды» деді.