Иранның кедендік әкімшілігінің төрағасы Брюссельде кеңесулер өткізді
Иранның кедендік әкімшілігінің төрағасы Брюссельде Әлемдік Кеден ұйымының бас хатшысы және Ресей, Түркия, Армения, Индонезия елдерінің кеден басшыларымен кездесіп, сұхбаттасты.
Бельгияның астанасы Брюссельге Әлемдік Кеден ұйымының жылдық саммитіне қатысу үшін сапармен келген Иранның кедендік әкімшілігінің төрағасы Масуд Карбасиан Әлемдік Кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микуриямен Иранның кедендік әкімшілігінің кедендік процедураларды электрондау және контрабандамен күресу салаларындағы ілгерілеушіліктері туралы сөйлесіп, кеңесті.
Әлемдік Кеден ұйымының төрағасы да Иранның кедендік әкімшілігінің сандық технология саласындағы дамуы мен Иранның кедендік әкімшілігі қызметкерлерінің 290 тонна түрлі есірткі заттарын анықтауын төтенше жағдай деп бағалады. Иранның кедендік әкімшілігінің төрағасы мен Ресейдің Кеден қызметінің төрағасы да екі елдің кедендік "жасыл дәлізінің" жүзеге асырылуына ризашылық білдіріп, осы дәліз негізінде сауда үдерісін жылдамдатып, жеңілдетуді қуаттады. Карбасиан сонымен қатар Түркия мен Армения және Индонезия елдерінің кеден ұйымдарының басшыларымен кездесіп, екіжақты мәселелер мен кедендік мәліметтермен электронды алмасу, саудагерлер мен бизнесмендер арасында сауданы жеңілдетіп, кеңейту туралы сөйлесті.