Америка Иранның зымырандық әлеуеті алдында қауқарсыз
(last modified Sat, 16 Jul 2016 12:23:29 GMT )
Шіл 16, 2016 18:23 Asia/Almaty
  • Америка Иранның зымырандық әлеуеті алдында қауқарсыз

Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Америка Конгресіндегі Иранға қарсы жобаның бекітілуін америкалықтардың Иранның зымырандық әлеуеті алдындағы қауқарсыздығын білдіреді деді.

Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амир Али Хаджизаде «Америка Конгресінің Иранға жаңа санкциялар салу жобасы америкалықтарды Иранның алдында қауқарсыз еткен Иранның зымырандық әлеуетіне байланысты. Американың жетекшілігіндегі әртүрлі елдердің Иранға қарсы, соның ішінде Иранның қауіпсіздік, экономика, мәдени және барлау аспектілерін нысанаға алған әртүрлі салалардағы әрекеттерінің жиынтығы жасалып жатыр. Америка экономика саласындағы Иранға қарсы санкцияға жауапты. Сауд Арабиясы да Иранға қарсы коалицияны қаржылай қамтамасыз етуде рөл атқаруда» деді.