Ердоған: АҚШ Гюленді Анкараға қайтаруы керек
(last modified Sun, 17 Jul 2016 09:09:47 GMT )
Шіл 17, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Ердоған: АҚШ Гюленді Анкараға қайтаруы керек

Түркия Президенті АҚШ Президенті Барак Обамаға: «Егер АҚШ Түркияның серіктесі болса, лаңкестік топтың жетекшісі Фатхулла Гюленді Түркияға қайтаруы тиіс»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні кешке «Кисикалы» ауданындағы оның үйінің жанына жиналған Стамбұл халқы алдында сөйлеген сөзінде Түркияның түкпір-түкпіріндегі төңкерісшілермен күресте халықтың кең түрде қатысуына алғыс айтып: «Осыдан бұрын АҚШ Президентіне Гюленнің Түркияда төңкеріс жасауды көздейтінін айтқан болатынмын, сондықтан оны тез арада Түркияға қайтару керек.

Вашингтон менің бұл ұсынымды қабылдамады. Енді тағы да қайталаймын: егер біздің стратегиялық серіктесіміз болсаңыздар, оны Түркияға қайтарыңыздар.

Америкадан біз оны сіздерге қайтармаған қай лаңкесті сұратып едіңіздер деп сұраймын»,-деп баса айтты.

Дәл осы жағдайда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркиядағы төңкеріске тоқталып: «Вашингтон көп жылдан бері Америкада өмір сүретін Түркия үкіметіне қарсы саясаткер Фатхулла Гюленді Түркияға экстрадициялау туралы ешқандай өтініш алған жоқ.

Егер Түркияда Гюленнің төңкеріске қатысы бар екендігін дәлелдейтін құжат болса, көрсетсін»,-деді.