Лавров: Түркиядағы оқиғалар Ресейдің Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдарына әсер етпейді
https://itolqyn.com/news/world-i11383
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Ресейдің Сириядағы лаңкестерге қарсы әуе-ғарыш амалдары жалғаса береді. Түркиядағы оқиғалар бұл амалдарға еш әсер етпейді»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 19, 2016 14:39 Asia/Almaty
  • Лавров: Түркиядағы оқиғалар Ресейдің Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдарына әсер етпейді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Ресейдің Сириядағы лаңкестерге қарсы әуе-ғарыш амалдары жалғаса береді. Түркиядағы оқиғалар бұл амалдарға еш әсер етпейді»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Лавров дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Түркияның «Инджирлик» әуе базасының жағдайына қатысты мәселе мен оның Сириядағы лаңкестікке қарсы амалдарға әсері жайлы лаңкестермен күрес коалициясын басқаратын АҚШ-тан сұрау қажет»,-деді. ТАСС-тың хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі: «Ресейдің Сириядағы әуе-ғарыш күштерінің амалдары осы елмен екіжақты келісім аясында және Сирия Президенті Башар Асадтың өтініші негізінде жүзеге асырылып жатыр. Ресей мен Сирия арасындағы осы келісімді орындауға қатысты ешқандай мәселе жоқ»,-деп мәлімдеді. ТаядаТүркияда сәтсіз төңкеріс болғаннан кейін Анкара АҚШ-қа «Инджирлик» әуе базасын қолдануға тосқауыл қойды, сондықтан бұл әуе базасының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды.