Тайыпния: Иранның қауіпсіздігі шетелдіктердің инвестиция салуы үшін кепіл
Шіл 19, 2016 21:38 Asia/Almaty
Иранның Экономика және қаржы министрі Әли Тайыпния Кения астанасы Найробиде инвестиция салу бойынша әлемдік 14- ші отырысының ашылуында сөйлеген сөзінде Иранда инвестиция салу үшін қалыптасқан теңдессіз мүмкіндіктерді қуаттап, барлық елдерді инвестиция ағымының әрекетіне көмек көрсетуге шақырып:
"Иран соңғы үш жылда кәсіп пен жұмыс кеңістігін жақсартуда көзге түсерліктей өсті. Оның бір бөлігі инвестиция салу үшін жағдайды жеңілдетуге қатысты болып келеді. Осы үдеріс стратегия ретінде тиімді жағдайға қол жеткізгенше жалғасатын болады" деді.
Тегтер