Иранның бейнесін бұзушылар – лаңкестіктің негізгі қолдаушылары
Иранның Экономика және қаржы министрі Иранның бейнесін бұзуға күш салып жатқан елдерді лаңкестіктің негізгі қолдаушылары деп атады.
Иранның Экономика және қаржы министрі Али Тайебния «Блумберг» хабар торабына берген сұхбатта: «Халықаралық қауымдастық әл-Қаиданы қай елдердің құрып, қаржылай және қару-жарақпен қамтамасыз етіп, қолдау танытқанын жақсы біледі. Иран да лаңкестік топтармен күресте алғы шепте болып, ауыр құн төледі. Әлем елдері қазір лаңкестіктің қатерін басқа уақыттан артық түсініп, Иранның лаңкестікпен күрестегі орынын да жақсы таныды. Бұл тақырып Иран мен халықаралық қауымдастық үшін серіктестік салаларын әзірлей алады» деді.
Тайебния сонымен қатар Иранның инвестиция тарту және шетелдік қаржы көздерімен қамтамасыз етудегі талпынысы туралы айтқан сөзінде: «Иранға шетелдік әртүрлі инвесторлар тарапынан байсалды ұсыныстар түсуде. Осы салада кейбір жобаларды қаржылай қамтамасыз ету үшін құны шамамен 45 миллиард долларды құрайтын келісімдерге қол қойылды» деді.