Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне наразылық білдірді
(last modified Sun, 24 Jul 2016 08:37:58 GMT )
Шіл 24, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне наразылық білдірді

Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі: «ИИР Иранның ұзақ мерзімді ядролық бағдарламасының құпия құжаттарын жариялауына реакция білдіріп, АҚХА-не наразылық нотасын жіберді»,-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі Бехруз Камалванди жексенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Associated Press-те жарияланған Иранның ұзақ мерзімді ядролық бағдарламасының бір бөлігі туралы: «Құпия қалуы тиіс болған, бірақ жарияланған бөлімдер, Иранның пайымдауы бойынша, агенттіктен таралды»,-деп мәлімдеді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи ақпараттық сұхбатта: «Теһран агенттіктен Иранның ядролық бағдарламасының құпия қалуын сұрады. Баршаның одан хабардар болуына себеп жоқ. Әрине, бұл бағдарлама құпия түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияға жеткізіледі деп келісілген, тек құпия түрде сақталуы тиіс болған»,-деді.

Ираның Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі Бехруз Камалванди, сондай-ақ, Ресейге 40 тонна ауыр су сату туралы ресейлік тараппен келіссөз жөнінде: «Бұл жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Оның бағасы әлі нақты белгіленген жоқ»,-деді.