АҚШ коалициясының Сириядағы шабуылдарында қарапайым адамдар қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i11662-АҚШ_коалициясының_Сириядағы_шабуылдарында_қарапайым_адамдар_қаза_тапты
АҚШ коалициясының Сирияның солтүстігіндегі лаңкестікке қарсы шабуылдарында 10 адам қаза тапты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 24, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • АҚШ коалициясының Сириядағы шабуылдарында қарапайым адамдар қаза тапты

АҚШ коалициясының Сирияның солтүстігіндегі лаңкестікке қарсы шабуылдарында 10 адам қаза тапты.

Ливанның «әл-Аһд» ақпарат сайтының хабарлауынша, сенбі күні АҚШ коалициясының Алеппоның солтүстік-шығыс атырабында Манбидж қаласының шығысындағы әл-Тавадже ауылына жасаған әуе шабуылдарында 10 қарапайым азамат, соның ішінде 5 бала қаза тапты.

Бұдан бұрын коалиция қырғи ұшақтарының Манбидж қаласындағы Тохан ауылына сейсенбі күні жасаған әуе шабуылдарында 212 қарапайым адам қаза тапты.

Мұнымен қоса, лаңкестердің Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласына зымырандық және минометтік шабуылдарында 10 қарапайым адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Сирия армиясы мен қарсыласу күштерінің лаңкестермен қақтығыстары Алеппода бұрынғыдай жалғасып жатыр. Сирия армиясының күштері әл-Лирамун өзегінде ілгерілеу үстінде.

Алеппо қаласындағы лаңкестік топтар Сирия армиясының осы қалада ілгерілеуіне тосқауыл қою үшін қарапайым адамдарды тірі қалқан және қысым жасау құралы ретінде пайдаланады.